KZNews.kz
Техно

Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашатынын мәлімдеді

Ayzhan Sylanova
Фото: Ақорда

Оның айтуынша, Telegram-ның алғашқы өңірлік кеңсесі бір жыл бұрын Қазақстанда ашылған және ол өз нәтижесін берген. 

«Біз осы қадамымызға өте риза болдық. Енді қуана хабарлаймын: бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллектке арналған арнайы зертхана ашып отырмыз», – деді Дуров.

Жаңа жоба аясында Telegram мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластер бірлесіп жұмыс істейді. Бұл технологияның басты артықшылығы – миллиардтан астам пайдаланушыға жасанды интеллект мүмкіндіктерін қауіпсіз, ашық әрі тиімді түрде қолдануға жол ашу.

«Біз Қазақстандағы суперкомпьютерлік кластердің осы желі үшін алғашқы ірі есептеу қуатын жеткізуші болатындығына сенеміз», – деп атап өтті Дуров.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан форумда ІТ-инновациялар, жасанды интеллект, стартаптар мен цифрлық инфрақұрылым тақырыптары кеңінен талқыланды. Digital Bridge алаңы дәстүрлі түрде әлемдік технологиялық көшбасшыларды, инвесторларды және стартап иелерін тоғыстырады.

Жаңа ІІ-зертхананың ашылуы Қазақстанның цифрлық даму стратегиясында маңызды қадам болып саналады. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама елдің халықаралық технологиялық хаб ретіндегі беделін арттырып қана қоймай, жергілікті ІТ-мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары