Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көлсайда шомылған Павел Дуров қандай жазаға тартылады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Көлсайда шомылған Павел Дуров қандай жазаға тартылады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Үкімет сағаты кулуарында Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа Көлсай көлдерінде шомылғаны үшін айыппұл салына ма деген сұраққа жауап берді.Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мұндай аумақтарда болу, шомылу фактілері бойынша хаттама толтыру мен айыппұл салу Экология министрлігінің құзыретіне кіреді. Біз тиісті материалдарды тіркеп, оларға жолдадық. Қазір бұл мәселені министрлік қарап жатыр. Біз тек БАҚ-та жарияланған мәліметтер негізінде материал жинап, оны қарауға бердік", — деді Милюк.

Сондай-ақ ол Павел Дуровқа қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.

"Барлығы құқықбұзушылықтың қалай сараланатынына байланысты. Ең жеңіл жаза — ескерту 10 АЕК (шамамен 39 мың теңге) көлеміндегі айыппұл. Бұл нақты құрамына қарай шешіледі", — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне шомылғанын көрсеткен видео жариялағанын жазған болатынбыз. Алайда керісінше ұлттық парк қызметкерлерінің үстінен қызметтік тергеу басталған. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.