Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Пәтерді жалға беріп, салық төлемей жүргендер қалай тексеріледі?

Пәтерді жалға беріп, салық төлемей жүргендер қалай тексеріледі?
Ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жалға пәтер беріп, салық төлемейтін азаматтарды қалай анықтайтындарын түсіндірді.

Вице-министрдің айтуынша, Қаржы министрлігі пәтерді жалға беруден түсетін табысты заңды айналымға шығару бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазір біз әртүрлі жеңілдетілген салық режимдерін енгізіп жатырмыз. Соның бірі – арнайы салық тәртібі, оның аясында азаматтар тіпті жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ жылына бір рет декларация тапсырып жұмыс істей алады», – деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар камералдық бақылау арқылы пәтер иелерінің мәліметтерін салыстырады.

«Мысалы, егер бір азаматтың атына 10 пәтер тіркелген болып, өзі тек біреуінде тұратын болса, қалған 9 пәтердің жалға берілу ықтималдығы жоғары. Біз мұндай жағдайларды жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарымен және учаскелік инспекторлармен бірлесіп бақылап отырамыз. Егер пәтер иесі ай сайын мобильді аударым арқылы немесе басқа жолмен тұрақты төлем алып отырса, бізде сұрақтар туындайды», – деді вице-министр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.