Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа танымал кәсіпкер автокөлік сыйлайтын болды

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа танымал кәсіпкер автокөлік сыйлайтын болды
ҚР Туризм және спорт министрлігі. Суретте: Ербол Хамитов

Қазақстандық Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Италиядан елге оралған соң бағалы сыйлыққа ие болады. Бұл туралы Nege.Aqsha Telegram-арнасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, танымал кәсіпкер Нұрлан Смағұлов спортшыға Chery Tiggo 7 маркалы автокөлікті сыйға тартуды жоспарлап отыр. Көліктің кілті чемпион Қазақстанға оралғаннан кейін табысталмақ.

Айта кетейік, Ербол Хамитов Италияда өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан 4,5 шақырымдық «ілесу жарысы» бойынша алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына маңызды жүлде салған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер