Қазақстанға әсері қандай: Ресей бизнесінің қаржылық жағдайы нашарлап барады...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Пәкістан Ауғанстанға соққы жасады: Қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Пәкістан Ауғанстанға соққы жасады: Қаза тапқандар мен жараланғандар бар
фото: ашық дереккөз

Пәкістан әскери-әуе күштері Ауғанстанның шығысы мен оңтүстігіне әуе соққыларын жасады. Салдарынан адам қаза тауып, жараланғандар бар. Жағдай жөнінде Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забихулла Мүжахид мәлімдеді.

Пәкістан Ауғанстанның шығысы мен оңтүстігіне әуе соққысын жасап, салдарынан кемінде 9 бейбіт тұрғын қаза тауып, 11 адам жараланды. Шетелдік БАҚ құрбандар саны 14 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz Sputniknews.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Пәкістан ұшақтары Кунар провинциясындағы Чугам және Гильменд провинциясындағы Сафар елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге соққы берген.

Ауғанстан билігінің өкілі әлеуметтік желідегі парақшасында тоғыз бейбіт тұрғын, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тауып, 11 адам жараланғанын жазды.

Ал шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандар саны 14 адамға, жараланғандар саны 17 адамға жеткен. Деректер нақтыланып жатыр.

Ауғанстан тарапы Пәкістанның әрекетін "агрессия актісі" деп атап, оны қалыптасқан қағидаларды бұзу ретінде бағалады.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Пәкістан қарулы күштері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласына да соққы жасаған еді. Бұл екі ел арасындағы қатынастың шиеленісуі аясында болды.

18 қыркүйекте Пәкістанның Кохат қаласында полиция кешені аумағындағы мешітке жанкешті шабуыл жасап, салдарынан 31 адам қаза тапқан. Террорлық шабуылды "Техрик-и-Талибан Пәкістан" қозғалысының бөлімшелерінің бірі мойнына алған. Пәкістан билігінің мәлімдеуінше, бұл топ Ауғанстан аумағында әрекет етеді. Алайда Кабул бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иран шабуылды қайта бастап, Сауд Арабиясы да Ирактағы қарулы топтарға қарсы соққы жасаған еді. АҚШ әскери қолбасшылығы мұны "кенеттен жасалған шабуыл әрекеті" деп бағалап, барлық зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.