KZNews.kz
Шоу-бизнес

Өзінің ыңырсу мәнерін тауып алған: Медеу Арынбаев Қайраттың қандай әнші екенін айтты

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөз

Танымал әнші Медеу Арынбаев Qazaq Airan-ға берген сұхбатында әріптесі Қайрат Нұртастың талантына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қайратқа демалу керек. Қайратымыз ән айта алмайды емес, ән айта алмаса халық қабылдамайтын еді. Халық айтса, қалып айтпайды. Ол ырғақты сезінеді, өзінің ыңырсу мәнерін тауып алған. Ол қобыздың дауысы, біздің жанымызға жақын элементтер ғой», - деді Арынбаев.

Ол Қайрат Нұртасқа фониатрға барып, дауысын емдетуге кеңес берді.

«Ол күнара ән айтады, қаншама еңбек жатыр. Біз секілді айына, аптасына бір рет шықпайды. Ол күнара жол жүреді, күнара той-томалақта болады. Ол оңай дүние емес. Дауыс деген сақтануды талап етеді», - дейді әнші.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары