Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Өзім үшін туып алғым келді»: Танымал Психолог отбасылы еркектен балалы болғанын айтты (ВИДЕО)

«Өзім үшін туып алғым келді»: Танымал Психолог отбасылы еркектен балалы болғанын айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Ирина Раззах кенжесін “сүйген адамнан балалы болудың қандай екенін білу үшін”дүниеге әкелгенін жасырмады.

Қазақстандық психолог Ирина Раззах “Байсеміз LIVE” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріндегі күрделі кезеңдер туралы ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz. 

Сұхбат барысында маман алғашқы некесін шынайы сезім іздеп жүріп бұзғанын жеткізді. Кейін басқа ер адаммен танысқанымен, араға алты ай салып ол жігіт үйленуге дайын емес екенін мәлімдеп, қарым-қатынасты тоқтатқан.

– Ол менімен отбасын құрғысы келмеді. Екі баламмен бірге оның ата-анасының үйіне барып жүргенімді елестете алмадым. Бірақ екеуміз бір-бірімізге қатты бауыр басып қалған едік. Ажырасқаннан кейін ол тез арада үйленіп кетті. Үйленсем, сені ұмытамын деп ойлаған екен, – дейді Ирина.

Сол кезеңде психолог бар күшін жұмысына бағыттап, сезімін еңбек арқылы жеңуге тырысқан.

Араға екі жыл салып әлгі ер адам қайта хабарласып, жұбайымен бала сүйе алмай жүргенін айтқан. Бірнеше рет кездескен соң Ирина олардың екеуі де ажырасқан жандар деп ойлап, болашаққа үміт артқанын жеткізді. Алайда көп ұзамай ер адамның әйелі ЭКО арқылы жүкті болғаны белгілі болған.

– Сол кезде біз қайта араласа бастаған едік. Қарапайым тілмен айтқанда, әйелі аяғы ауыр кезде сырттан әйел іздеген, – деді ол.

Ирина сүйіктісінен ұсыныс күтумен бірнеше ай жүргенін айтады. Төртінші айда өзі ашық сөйлесуге бел буған.

– Ол әйелінің жүкті екенін, қазір оған тыныштық керек екенін айтты. Бала туған соң ажырасамын деді. Мен оған сезімімді білдіріп, “егер кетем десең қазір кет, ал қалсаң сенен бала табамын” дедім. Себебі оны алғаш көрген сәттен-ақ балалы болғым келді. Ол кетпеді. Ал мен бұл баланы өзім үшін дүниеге әкелетінімді, өзім асырай алатынымды түсіндім, – дейді психолог.

Жүктілікке бел буар алдында Ирина ата-анасымен ақылдасқанын да жасырмады. Оларға сүйікті адамы бар екенін және одан балалы болғысы келетінін айтқан.

– Олар “балаларың бар емес пе” дегендей болды. Бірақ менің өз шешіміммен жүретін адам екенімді біледі. Сол себепті “бәлкім бақытты болып кетер” деп үміттенген шығар, – деді ол.

Ирина Раззах кенже баласын “сүйген адамнан бала сүйудің қандай екенін сезіну үшін” өмірге әкелгенін де ашық айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.