"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өзеннің ортасынан жаңа туған қыз салынған қорап табылды

Өзеннің ортасынан жаңа туған қыз салынған қорап табылды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Гхазипур қаласында қайықшы Ганг өзенінен жаңа туған қыз салынған ағаш қорап тауып алды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

14 маусымда қайықшы Гуллу Чаундхари баланың жылағанын естігеннен кейін өзен бойымен жүзіп бара жатқан қорапқа назар аударды. Оның ішінен шамамен бір айлық сәбиді тапқан. Бала қызыл шарфқа оралған.

Баланы ауруханаға жеткізді, оны дәрігерлер тексерді. Қыздың дені сау екені белгілі болды. Ауруханадан шыққаннан кейін бала балалар үйіне жіберіледі.

Тергеушілер мүмкін себептерді айтқан жоқ, бірақ Үндістан қыз сәбилерді өлтіру саны бойынша әлемде көш бастап келеді. Үнділіктер үшін қыздар қаржылық ауыртпалық болып саналады.

Полиция бала салынған қорапшада қыздың туған күні көрсетілген жұлдыз жорамалы бар карта жатқанын мәлім етті. Балаға өзеннің құрметіне Ганга деген есім берілді. Жергілікті билік бала күтімі шығындарын төлейтіндерін айтты.

Баланы құтқарғаны үшін Чаундхариге үй және басқа да мемлекеттік сыйақылар беріледі. Ер адам баланы құтқаруға асыққан жалғыз өзі екенін айтты, ал жағалауда болғандардың көпшілігі қыздың айқайын естіген.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары