KZNews.kz
Саясат

Өзбекстан президенті бір күнде 40-тан астам шенеунікті жұмыстан босатты

KZNEWS

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бір күнде 40-тан аса шенеунікті жұмыстан босатты. Бұл туралы Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов айтты, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.


Шавкат Мирзиеев Ташкент облысында өткен жиында Өзбекстанның 40-тан астам салық инспекциясының басшыларын, банк бөлімшелерінің басшылары мен әкімнің орынбасарларын (аудан және қала әкімдіктерінің басшылары), өзге де лауазымды тұлғаларды қызметінен босатып, сөгіс жариялады.

Лауазымдарынан босатылғандар:


Сонымен қатар, Ташкент облысы әкімінің өнеркәсіп және инвестиция жөніндегі орынбасары Н.Шәріповке, Ташкент облысы әкімінің құрылыс жөніндегі орынбасары Ш.Махмудовқа, сондай-ақ экономика және қаржы министрінің орынбасары Д.Сұлтановқа6 Салық комитеті төрағасының орынбасарлары М.Мирзаев, Ж.Әбдиев, С.Ешматов, М.Махкамов, Ташкент қалалық салық басқармасының бастығына сөгіс жариялау туралы бұйрық берілді.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары