Құндыздың қол-аяғы байлаулы фотоны көрген Руслан Өтепбай дереу Алматыдан Таразға жолға шықты. Енді ол өзі жағдайды бақылауға алып, зерттеу жүргізбек, - деп хабарлайды kznews.kz.
Жамбыл полициясы бейнежазбаның назарға алынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде құлдықтан құтқарылған Құндыздың қолы мен аяғы, сондай-ақ аузы скочпен байланғаны бейнеленген сурет тарады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Құндыздың қамқоршысы Зүльфиямен байланысқа шыққан.
Алайда қамқоршының берген жауабы Руслан Өтепбайдың күдігін сейілткен жоқ.
«Мен байлаған жоқпын деп отыр. Бірақ айтқан сөздері өзара үйлеспейді. Сондықтан бұл уәждерге сенім жоқ», – дейді ол.