Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өз үйінің ауласында оқ атқан ауыл тұрғынына айыппұл салынды

Өз үйінің ауласында оқ атқан ауыл тұрғынына айыппұл салынды

2018 жылғы 10 желтоқсан 06:50 26

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өз ауласында атыс қаруынан оқ атқан Железин ауданының тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Железин аудандық соты елдімекенде атыс қаруынан оқ атқан аудан тұрғыны И-ге қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, И. Ақтау ауылында, кешкі сағат 17.00 шамасында өз үйінің ауласында аңшылық мылтығынан оқ атқан.

Сот отырысында И. кінәсін толық мойындап, сол күні үйінде шамамен 1 литр сыра ішкенін айтты. Содан кейін ол аулаға шығып, қалдықтарды шоқып жүрген құстарды көреді. Үйінен мылтығын алып шығып, құстарға оқ атады. Өзінің айтуынша, ол әлгі қаруды жарты жыл бұрын тауып алған, содан бері үйінде сақтап келіпті.

Сот үкімімен И. кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал аңшылық мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Автор
Санжар