Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Отбасының жалғыз асыраушысы”: Университет ғимаратынан құлаған студентке қатысты тың деректер шықты

“Отбасының жалғыз асыраушысы”: Университет ғимаратынан құлаған студентке қатысты тың деректер шықты
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті көз жұмып, оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай университет ғимаратында болған. Белгілі болғандай, 20 жастағы Бақтияр философия мамандығының орыс бөлімінде білім алған. Оқу орнының мәліметінше, студенттің үлгерімі жақсы болған, қысқы сессияны сәтті аяқтап, тұрақты түрде шәкіртақы алып жүрген. Университет оның гранттан айырылу қаупі болмағанын атап өтті.

Оқу орны проректоры Мақсат Жақауовтың айтуынша, марқұмның отбасы ауыр әлеуметтік жағдайда өмір сүрген. Анасы мен әпкесі ауыр сырқатқа шалдыққан. Әпкесі қант диабетінің салдарынан көру қабілетінен айырылса, анасының денсаулығы да күрделі болған. Сонымен қатар оның аяғынан айырылғаны айтылды.

Отбасының негізгі тірегіне айналған студент шәкіртақысымен үйіне көмектесіп, анасына күтім жасап, күнделікті тұрмысқа қажетті шығындарды көтеріп жүрген.

Оқиға болған күні Бақтияр таңертеңгі тестке келгенімен, аудиторияға кірмеген. Кейін ол университеттің сегізінші қабатынан секіріп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, студент ғимарат маңындағы көліктің алдына құлаған. Алған жарақаты тым ауыр болғандықтан, ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.