Шоу-бизнес

Отандық МӨЗ мұнай өнімдері өндірісін ұлғайтуы есебінен еңбек өнімділігі арта түсті

KZNEWS KZNEWS
Отандық МӨЗ мұнай өнімдері өндірісін ұлғайтуы есебінен еңбек өнімділігі арта түсті

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі $89,6 мың/адамды, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты өсім 114,2% құрады. Еңбек өнімділігі отандық мұнай өңдеу зауыттарының (Атырау МӨЗ, Павлодар МХЗ, Шымкент МӨЗ және «Каспи Битум» ЖШС) негізгі мұнай өнімдерін өндіруі есебінен ұлғайтылды.

«2018 жылдың 6 айында 1713,6 мың т автобензин, 119,1 мың т авиакеросин, 2093 мың т дизель отыны және 375 мың т битум өндірілді. 2018 жылы 3,9 млн т автобензин (2017 жылға 130,9%), 389 мың тонна авиакеросин (2017 жылға 128,4%), 4,4 млн тонна дизель отыны (2017 жылға 110,2%), 2,59 млн т мазут (2017 жылға 78,96%) және 823 мың т битум (2017 жылға 112,6%) өндірісі күтілуде», — деді Б. Ақшолақов.

2018 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы саласындағы еңбек өнімділігі $8,2 мың/адамды, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне нақты өсім — 109,7% құрады. Энергетика вице-министрінің айтуынша, негізінен еңбек өнімділігінің артуы полипропилен және метил-трет-бутил эфирінің өндірісін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген.

Жалпы мұнай-газ химиясы саласында 2018 жылдың 6 айында 7,6 мың т бензол, 16,6 мың т полипропилен, 12,4 мың тонна метил-третбутилді эфир өндірілді.

Осы жылдың қараша айында параксилол өндірісі басталды және 6,1 мың т көлемінде өндіру күтілуде. Бензол өндірісі — 11,3 мың т, полипропилен — 27,3 мың т, 18,3 мың т — метил-третбутилді эфир өндірісі күтілуде.

«Жалпы еңбек өнімділігі тұрақты ұлғаюда. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырамыз», — деп түйіндеді вице-министр.

Дереккөз: http://egemen.kz/

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz