Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
- Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, - дегенде, сахабалар:
- Садақаға беретін нәрсесі болмаса не істейді?, - деп сұрады.
- Бейнеттеніп өзін қамтамасыз етеді, кейін мұқтаждарға садақа береді.
- Оған шамасы жетпесе не істейді?
- Мұқтаж және зұлымдыққа ұшыраған адамға қол ұшын берсін.
- Оған да шамасы жетпесе не істейді?
- Жақсылыққа үндейді.
- Ал оған да шамасы жетпесе не істейді?
- Басқаларға зиян етуден сақтанады. Осының өзі садақа, - деді.
(Имам Бухари )