KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Осыларды неге тексермейді?”: Туған күнінде қонақтарға гауһар жүзік таратқан блогер сынға қалды

Айжан Сыланова
Фото: Инстаграм парақшадан

Танымал блогер Ақбота Нұрахын туған күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтіп, қонақтарды қымбат сыйлықтармен таңғалдырды. Алайда бұл бастама әлеуметтік желіде бірден екіұдай пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мерекелік кешке инфлюенсерлер мен танымал желі жұлдыздары жиналған. Шара барысында Ақбота келген барлық қыз-келіншектерге гауһар тасы орнатылған жүзіктер тарту еткен. Бұл қымбат сыйлықтар көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті.

Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай әрекетті орынсыз ысырап деп бағалап, блогерлердің табыс көздерінің ашықтығына күмән келтірді. Кейбір пікірлерде «мұндай сыйлықтарға қанша қаражат кеткені» және «инфлюенсерлердің табысын неге тексермейді?» деген сұрақтар жиі көтерілді.

Осылайша, Ақботаның туған күн кеші тек мерекелік шара ғана емес, қоғамда блогерлердің өмір салты мен қаржылық мүмкіндіктеріне қатысты жаңа талқылауға себеп болды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →