"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменде Мақпал Жүнісова мінген көлік тоқтатылды: жүргізушіге айыппұл салынды

Өскеменде Мақпал Жүнісова мінген көлік тоқтатылды: жүргізушіге айыппұл салынды
Фотоиллюстрация: Kznews AI

Өскеменде Мақпал Жүнісованы тасымалдаған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл ақпаратты Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесі болған жағдайды әзілмен жеткізіп видео түсірген.

Әнші бүгін концерт қою мақсатында Өскемен қаласына ұшып келген. Әуежайдан қалаға бағыт алған көлікті жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Тәртіп бұзған жүргізушіге тура сол жерде құқық қорғау қызметкерлері хаттама толтырған. 

Кейін бұл оқиғаға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, Lexus LX 570 автокөлігі Бажов көшесінде алдыңғы бүйір әйнектерінің қара түсті күңгірттелуіне байланысты тоқтатылған. Жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желі қолданушылары пікірлерінде халық әртісіне деген құрметін білдіргенімен, жол қозғалысы ережелері баршаға ортақ екенін, бұл ретте ешқандай ерекшелік болмауы тиіс екенін атап өтті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.