KZNEWS.KZ
Аймақ

Өскеменде аспалы көпір құлап, адамдар мұздай суға құлады

• Айжан Сыланова
Фото: stan.kz

Өскемендегі Самал саябағында орналасқан аспалы көпір опырылып, бірнеше адам өзенге құлап кетті. Оқиға салдарынан алты адам 5-6 метр биіктіктен суға түскен, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат кезінде көпір үстінде сегіз адам болған. Соның алтауы суға құлап, екі жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір олар ана мен бала орталығында дәрігерлер бақылауында.

Қала әкімдігі оқиғаның ықтимал себебі ретінде жасөспірімдердің көпірді қатты шайқағанын атады. Болжам бойынша, конструкция шамадан тыс қозғалысқа шыдамай үзіліп кеткен.

Алайда тұрғындардың бір бөлігі көпірге уақытылы техникалық бақылау мен жөндеу жұмыстары жүргізілгенде мұндай жағдайдың алдын алуға болар еді деген пікір білдіруде.

Оқиғаға байланысты Амина Курманжанқызы ресми түсініктеме беріп, жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →