«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Орыс тілі — жанымның шамшырағы”: Балтабек Нұрғалиев орыс тіліне арнап даулы өлең шығарды

“Орыс тілі — жанымның шамшырағы”: Балтабек Нұрғалиев орыс тіліне арнап даулы өлең шығарды

Назарбаев пен оның әулетіне, қолында билігі бар шенеуніктерге өлең арнап танылған ақын Балтабек Нұрғалиев oрыс тіліне арнап өлең жазды. Өлеңін ол Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Ол өлеңнің әуелі орысша нұсқасын жариялап, кейін көпшіліктің пікірінен кейін ол өлеңінің қазақша нұсқасын ұсынды.

Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,

Мен өзіңді білуге борыштымын.

Орыс тілін білмесем егерде мен,

Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.

Орыс тілім — қанатым қалықтаған,

Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.

Орыс тілі — көркем тіл, әдемі тіл,

Ұлылығын айтудан жалықпағам.

Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,

Өзім білем мен оған сыйынсам да.

Орыс тілі — жанымның шамшырағы,

Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.

Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,

Әлемдегі хаттарды, хабарларды.

Сүюге де міндеткер емеспін мен,

Орыс тілін сүймейтін адамдарды.

Ақынның бұл өлеңіне көптің көңілінен шықпады. Орыс тілін мақтап жазған өлеңіне жағымсыз пікір көп жазылуда.

«Елді құртатын, сатқындық жасайтын осындай сорлылар!»,«Мынауың таза жынды екен ғой», «Орыс тілін дамытуға ақша бөліне ме?», , «Сатқындықта да шек болмайды»,«Балтабек, орыс тілін соншалықты сүйсең Ресейге көшсей», - деп жазды көпшілік.

Автор
Нұрсұлтан