Спортшының айтуынша, депутаттар ең алдымен халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне назар аударуы тиіс.
«Бүгін де жұмыссыздық пен қарыз мәселесі шешілмей отыр. Парламентте елге нақты пайдасы бар адамдар қалуы керек. Ал өз үлесін қоса алмайтындар орнын босатқан жөн», – деді ол.
Еске салайық, Назаров Мәжіліс отырысында ресми сауалын жолдамас бұрын анасын 70 жасымен құттықтап, жылы лебізін білдірген еді.