KZNEWS.KZ
Әлем

Ормуз бұғазындағы қақтығыс мұнай бағасын құлдыратты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Баға 0,84 долларға немесе 0,91%-ға төмендеді, деп хабарлайды kznews.kz

17 қараша күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 85,03 доллар деңгейінде саудаланды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,69 долларға немесе 0,80%-ға төмен.

Ал Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы керісінше өсті. Оның құны 2,20 долларға немесе 3,08%-ға қымбаттап, барреліне 73,59 доллар болды.

Айта кетейік, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы маңында танкерлер мен энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы елдің шығыс бөлігіне бағытталған тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының ұсталып, жойылғанын хабарлады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →