KZNews.kz
Білім

Ормандағы аңдар

KZNEWS

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Басқа Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 3 сынып

Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сабақ

Тақырыбы: «Ормандағы аңдар»

Сынып: 3«А», 3 «Б» Мұғалім: Турданова С

2018 – 2019 оқу жылы

Күні: 19.02.2019 жыл Уақыты: 12:00 Өтілетін орны: 317 кабинет

Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы аңдар».Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға жабайы аңдар туралы түсінік беру, олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.Дамытушылығы: Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, баланың ой-өрісін дамыту.Түзетушілігі: Дыбыстарын түзету.Тәрбиелігі: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, шарлар.Рөлдерде:Аю: Турданова СҚонжық: Бекбай АТиіндар: Бегалы Т, Ахмеджанов У.Кірпілер: Тлеубек Ұ, Жақыпбек Д.Қояндар: Додожанова М, Нарзулаев А, Турсынали Ж.

Сабақтың барысы:Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, балалар! 3 сынып балаларының дайындаған ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Әуен ырғағымен балалар ортаға шығады.Мұғалім: - Балалар, қонақтармен амандасамыз!Балалар: - Сәлеметсіздер ме!Мұғалім: - Көңіл - күйлерің қалай?Балалар: - Тамаша!Мұғалім: - Олай болса,балалар «Ормандағы аңдар» атты ертеңгілігімізді бастайық!Балалар: - Жарайды!Мұғалім: - Балалар, бүгін орманда мереке болып жатыр. Орман аңдары да, бір- бірімен дос болады екен. Бүгін орман аңы қонжықтың туған күні. Барлық достар сол қонжықтың туылған күніне жиналып жатыр. Бізде қонжықтың туылған күніне барып қайтайық па?Балалар: - Жарайды!Аю: - Бүгін менің қонжығымның туылған күні! Туылған күніне кішкентай орман аңдары келеді. Мен дайындалайын. Ортаға әуен ырғағымен қонжық шығады.Аю: - Туылған күнің құтты болсын, менің сүп-сүйкімді қонжығым!Қонжық: - Рақмет! Ортаға «Туылған күн!» әні Әуен ырғағымен ортаға тиіндар шығады.Тиіндар: - Қонжық, туылған күніңмен! Біздің сыйлығымызды қабыл ал!Қонжық: - Рақмет!Тиіндар: - Біздің биіміз бар.Аю: - Жарайсыңдар тиіндар! Тиіндардың биін тамашалайық!

Ортада тиіндар биі.Аю: -Рақмет, тиіндар! Келіңдер төрлетіңдер. Әуен ырғағымен ортаға кірпілер шығады.Кірпілер: - Сәлеметсіздер ма! Туылған күніңмен қонжық!Қонжық: - Рақмет!Кірпілер: - Қонжық, біз саған сыйлыққа би дайындап келдікАю: - Жарайсыңдар кірпілер! Олай болса, кірпілердің биін қабыл алайық! Ортада кірпілер биі.Аю: - Рақмет, кірпілер! Жарайсыңдар! Келіңдер, төрлетіңдер! Әуен ырғағымен ортаға қояндар шығады.Қояндар: - Сәлеметсіздер ма! Қонжық туылған күніңмен!Қонжық: - Рақмет!Қоян: - Мен сыйлыққа тақпақ алып келдім.Аю: - Жарасың қоян! Тақпағыңды айта ғой.Қоян: - Айта берсен тілек мол, Алдыңа тек ақ жол. Тілегім шексіз дос десе, Бір тілегім достығымыз өшпесе.Аю: - Рақмет, қоян!Қояндар: - Енді, досымыз екеуміз би билесек!Аю: - Жарайсыңдар! Олай болса, ортада қояндар биін қарсы алайық!Ортада қояндар биі.Аю: - Жарайсыңдар, қояндар! Рақмет! Кішкентай орман аңдары, сендерге үлкен рақмет! Сыйлықтарыңа мен де, қонжық та тән риза. Енді туылған күн иесіне арналған тәтті нанды ортаға алып шығайын!Кәне, бәріміз бірге туылған күніңмен деп айтайық!Аңдар: - Құттықтаймыз!Ортада би.Аю: - Кішкентай орман аңдары, сендерге бүгінгі туылған күн ұнады ма?Аңдар: -Иә.Аю: - Кішкентай орман аңдары, осылай үнемі тату- тәтті, бір- біріңді әрдайым құрметтеп, достықтарың ажырамай, бір-біріңді сыйлап, қайрымды, мейірімді болып өсіп келе жатқандарың маған ұнады. Достықтарың ажырамасын! Кірпі: - Құрметті аю, қонжық! Сіздерге үлкен рақмет, біз енді қайтайық!Аңдар: - Сау болыңыздар!Қонжық: - Анашым, сізге барлығы үшін көп рақмет!Аю: - Жарайды, қонжығым! Саған ұнаса болды. Қане, кеш болды, жатайық!Мұғалім: - Құрметті балалар, ұстаздар! Осымен 3 сынып оқушыларының «Ормандағы аңдар» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рақмет!

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушылардың ой-өрістерін ертегі арқылы кеңейту. Достың ұғымын кеңінен ұғындыру.Дамытушылығы: Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Түзетушілігі: Дыбыстарын түзету.Тәрбиелігі: Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Шарлар, суреттер.

Әуен ырғағымен балалар ортаға шығады.Мұғалім: - Амандасамыз!Балалар: - Сәлеметсіздер ме!Мұғалім: - Көңіл күйлерің қалай?Балалар: - Тамаша!Мұғалім: - Олай болса,балалар «Менің достарым» атты ертеңігілігімізді бастайық!Балалар: - Жарайды!

Балалар әуен ырғағымен орындарына отырады.Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме,құрметті көрермендер! Бүгінгі сіздердің тамашалайтын ертеңгілігіміз «Достық» туралы.-Ерте-ерте-ертеде, ешкі құйрығы бөртеде қасқыр өмір сүріпті. Әуен ырғағымен ортаға шығады.Қасқыр: - Бүгін, менің туылған күнім!Бірақ мені ешкім құттықтап келмесі анық. Жалғыз досым аюмен де ренжісіп қалдым. Туылған күнім досымсыз қызық болмайтын болды.Әуен ырғағымен аю балаларынан ортаға шығады. Есік қағылады.Қасқыр: - Кім?Аю: - Мен,досың аю.Қасқыр: - Ой,аю досым кел, төрлет. Менің туылған күнімді ұмытып кетті ме деп едім.Аю: - Досым,қасқыр. Мен сенің туылған күніңді қалай ұмытып кетем. Сен менің досымсың. Қасқыр өзіңнің туылған күніңе арнап әкелген сыйлықтарымыз қабыл ал.Жанболат: - Гүлді алыңыз.Умиджан: -Тортты алыңыз.Аружан: - Сағатты алыңыз.Аю: -Қасқыр досым,менің балаларынның өзіңе арнап дайындалған билері бар еді. Қабыл ал. «Чунга-чунга» биі.Аю: - Досым қасқыр, өзіңнің туылған күніңе арман аңдарын шақырып қойған едім.Қасқыр: - Рақмет! Ортаға әуен ырғағымен қояндар шығады.Қояндар: - Сәлеметсіз бе,қасқыр!Қасқыр:-Сәлеметпін,қояндар!Аю: -Қасқыр,қояндардың сыйлықтарын қабыл ал.Ұлықбек: -Дәптер,қаламды алыңыз.Махируз: -Гүлді алыңыз.

Қасқыр: - рақмет!Аю: -Қасқыр, қояндардың туылған күніңе арнап әзірлеген билері бар екен, қабыл ал.«Қуыршақтар» биі қабыл алыңыздар.Қасқыр: - Рақмет,балалар, жарайсыңдар!Ортаға әуен ырғағымен түлкілер шығады.Түлкілер: - Сәлеметсіздер ме!Қасқыр: - Сәлеметсіздер!Дастан: - Сыйлығынды қабыл алыңыз!Қасқыр: - Рақмет!Аю: - Қасқыр,Дариғаның дайындаған әні бар екен.Қасқыр: -Ой,қандай керемет! Олай болса, Дариғаның орындауындағы әнді тыңдайық.«Достар жайлы» әнін қабыл алыңыздар.-Рақмет,Дариға!-Қасқыр,балаларыныздың бірге орындайтын билері де бар екен. Көріп, тамашалайық,иа!Ортада «Флешмоб» қабыл алыңыздар!Қасқыр: - Рақмет, балалар!Аю: -Досым, енді ешқандай ренжіспей бәріміз бірге тату-тәтті өмір сүрейік!Қасқыр: -Жарайды!Балалар: - Сау болыңыздар!Мұғалім: - Осымен 3 «А», 3 «Б» сынып оқушыларының әзірлеген ертеңгілігі аяқталды. Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі кездескенше күн жақсы болсын!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары