Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Орман аумағында ер адамның мәйіті салынған шабадан табылды

Орман аумағында ер адамның мәйіті салынған шабадан табылды
Прокуратура города Москвы / @moscowproc / Telegram

Мәскеуде Алтуфьев тас жолының маңындағы су айдыны жанынан чемоданға салынған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы 6 сәуір, дүйсенбі күні Ресей Тергеу комитетінің елордадағы басқармасы мен қалалық прокуратура жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу органдарының мәліметінше, 2026 жылғы 4 сәуірде аталған аумақтан чемодан ішінде жатқан ер адамның денесі анықталған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері, яғни бірнеше пышақ жарақаттары болған.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалған. Күдікті тұлғаны анықтау және ұстау бағытында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

РЕН ТВ және «112» деректеріне сәйкес, көк түсті чемоданды 4 сәуір күні Лианозов орман питомнигі аумағында серуендеп жүрген әйел байқап қалған. «МК» басылымының жазуынша, чемодан сыртынан азық-түлікке арналған пленкамен оралған, ал мәйіт ішіне киімімен бірге салынған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қаза тапқан адам Орталық Азия елдерінің бірінен шыққан болуы мүмкін. Алайда бұл іс әлі де толық анықталмаған, көптеген жайттар жұмбақ күйінде қалып отыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер