Полиция қоғам белсендісі Оразалы Ержановның ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.
— Әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат, референдумды бойкоттауға шақырулар және адамдарды адастыруы мүмкін өзге де мәліметтер жарияланғаны анықталды. Бұл жазбаларда шетелдік байланыс нөмірлері пайдаланылған. Осыған байланысты оған сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз пікірін білдіруге заң тыйым салмайды. Алайда әдейі жалған ақпарат тарату, фактілерді бұрмалау, адамдарды адастыру немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру жауапкершілікке әкеп соғады, — делінген полицияның Ұлысмедиаға берген жауабында.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция Оразалы Ержановтың жарияланымдарын зерделеуде.