KZNews.kz
Қоғам

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Торғын Абушахман

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz

Мән-жай

Зачаганск ауылындағы Бірлік көшесінде орналасқан құқық жәшіктерінің бірінен нәрестенің денесі табылған. Бұл ақпаратты Орал полициясы да растады.

«Орал қаласында шақалақ мәйітінің табылуына байланысты полиция қызметкерлері нәрестенің анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде», - деп жауап берген полиция департаменті mgorod.kz басылымына.

Оқиғаға байланысты қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →