Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда белгісіз біреу автокөлікті өртеп кетті

Оралда белгісіз біреу автокөлікті өртеп кетті

Оралда түн ішінде автокөлік өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға «Астана» шағын ауданы 5/1 мекенжайындағы үйдің ауласында орын алды. 2010 жылғы «Тойота Камри» автокөлігінің өртенгені жөнінде 6 желтоқсан күні сағат 23.15-те хабар түскен. Автокөліктің мотор бөлігі мен ішінара салоны жанды. Оқиға орнына 1 техникамен 5 адам барған.

Өрт 23.48-де оқшауланып, 23.57-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі, кінәлі адам, келтірілген шығын анықталуда. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Онда үстіне ақ киім қойған адамның автокөлікке от қойып, қашып кеткені анық көрінеді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Әлихан