Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан автобусты сөндірді.



«Бүгін Оралда Г.Потанин көшесі бойында автобустың жануы орын алып, жоғары температуралық әсерден жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің салдарынан 1977 жылы туған жүргізуші жеңіл күйік алып, жедел жәрдем бригадасына табысталды», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.


Өрттің алдын-ала себебі — техникалық ақаулық.

ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салады:


  • техникалық байқаудан уақытында өткізу;

  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;

  • әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;

  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;

  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;

  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары