Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда автобус дүкенді қиратып кетті

Оралда автобус дүкенді қиратып кетті

Оралда шағын автобус «Сандықтар» дүкеніне кіріп кетті.

«Peogeot»  автокөлігінің жүргізушісі С.Даумов көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай, «Сандықтар» дүкеніне соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.Келтірілген шығын анықталу үстінде. Дүкен иесі Біржан Қожақовтың айтуынша, шағын автобус дүкендегі дайын тұрған өнімдерді, жұмыс жасайтын аппараттарды қиратып кеткен. Оған қоса бұлар келгенше белгісіз біреулер дүкенді тонап кеткен.

«Енді мұнда жұмыс жасау мүмкін емес. Қыс ішінде ғимарат табу қиын екен. Облыс әкіміне де кірсем бе деп отырмын», - деді өзі сияқты мүгедек жандарға жұмыс тауып беріп отырған Б.Қожақов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Мадияр