KZNews.kz
Қоғам

"Оқушыны пышақтап кеткен". Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қыз қаза тапты

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қыздың кісі қолынан қаза табуы қоғамды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға Ынтымақ ауылында болған. Белгісіз адам оқушы қызға пышақ жарақатын салып, ол алған жарақатынан көз жұмған. Полиция күдіктінің тұлғасын анықтағанымен, ол әлі ұсталған жоқ. Қазір құқық қорғау органдары оны іздестіруге бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.

Өңірлік полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді:

"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады", – деп хабарлады ПД өкілдері.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары