"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Оқушылар мектепке бармайды!” - Өскеменде ауа жұту қауіпті болып барады

“Оқушылар мектепке бармайды!” - Өскеменде ауа жұту қауіпті болып барады
Фото: kznews

Өскемен қаласында бес күн қатарынан сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның сапасын нашарлатып, білім беру процесіне тікелей әсер етті. Ауа ластануының күшеюіне байланысты қала мектептерінің оқушылары дәстүрлі форматта сабаққа бара алмай отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Экология департаментінің мәліметінше, «Қазгидромет» РМК және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп, қала аумағында атмосфералық ауаның сапасына көшпелі мониторинг жүргізілген. Бақылау күн сайын жылжымалы зертхана арқылы жүзеге асырылып, санитарлық-қорғау аймақтары мен жеке тұрғын үй секторында негізгі ластаушы заттар — азот тобы, көміртек оксиді, күкірт тобы және хлоридтер бойынша өлшеулер алынған.

Қолайсыз метеожағдайлар кезеңінде бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемесін 20–40 пайызға төмендеткеніне қарамастан, ауаның ластануына автокөлік, зауыт-фабрикалар және пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлер әсер етіп отыр.

Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің қатпауынан туындайтын қалың тұман, сондай-ақ жеке секторда көмір мен ағаштың жағылуы салдарынан ауада ұзақ уақыт сақталатын ұсақ дисперсті бөлшектердің көбеюі жағдайды күрделендірген.

Осыған байланысты 2-ші дәрежелі қолайсыз метеожағдайдың сақталуына орай 2 ақпанда Өскемен қаласының барлық мектептерінде 0–11 сынып оқушылары бірінші және екінші ауысымда қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл шешім оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында қабылданған.

Экология департаменті атмосфералық ауаның сапасын бақылау тұрақты түрде жалғасатынын хабарлады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.