"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқушыларды балағаттап, ұратын мұғалімді жұмыстан шығарды

Оқушыларды балағаттап, ұратын мұғалімді жұмыстан шығарды

Өзбекстанның Ферғана облысы, Бувайдин ауданындағы №3 мектептің мұғалімі оқушыларын балағаттап, ұрғаны үшін қызметінен босатылды.

Осыған дейін өзбекстандық БАҚ №3 мектептің сынып жетекшілер оқушылардан түрлі себептер айтып, ақша жинайтынын хабарлаған. Кейбір мұғалімдер ақша бермеген оқушыларды балағаттап, ұрған.

Бұл оқиғаға қатысты халықтық білім беру министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде, аталған мектептің 7 В сынып жетекшісі Р.М. есімді мұғалім ақша әкелмегені үшін, екі оқушыны сабақ үстінде ұрып-соққаны расталған.

Ферғана облысы халықтық білім беру басқармасының бұйрығы бойынша, Р.М. есімді мұғалім мен мектептің директор орынбасары қызметінен босатылған. Ал мектеп директорына сөгіс жарияланған.

Дереккөз: centralasian.org

Автор
Арман