Қоғам

Оқу-ағарту министрі мектеп директорларын 2+2 жүйесімен тағайындауды ұсынды

Торғын Абушахман Торғын Абушахман
Оқу-ағарту министрі мектеп директорларын 2+2 жүйесімен тағайындауды ұсынды
фото: mazhilis.kz

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін. Енді директорлар алдымен екі жылға тағайындалып, жұмыс нәтижесі оң болған жағдайда қызмет мерзімі тағы екі жылға ұзартылмақ, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 14 қаңтарда өткен Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа тәсіл мектептегі білім сапасын, оқушылардың оқу жетістігін, қауіпсіздік деңгейін және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін нақты көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік береді.

«Министр ретінде ұстанымым – директордың қызмет мерзімі екі жыл болуы керек. Егер осы кезеңде білім сапасы, балалардың нәтижесі, қауіпсіздік мәселесі және мұғалімдердің біліктілігі дұрыс жолға қойылса, директордың өкілеттігін бір мәрте тағы екі жылға ұзартуға болады. Қазір бұл мәселе министрліктің бұйрығы ретінде енгізілді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Қазіргі таңда Қазақстанда мектеп директорлары төрт жыл мерзімге тағайындалады. Алайда ротация сирек жүргізіледі. Бұған дейін министрлік кейбір мектептерде директорлар 10 жылдан астам уақыт бір қызметте отырғанын атап өткен болатын.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz