KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Онкологияға күдік бар дейді”: Айгүл Иманбаева өмірінің қиын кезеңімен бөлісті

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Әнші Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанқа берген сұхбатында денсаулығына қатысты қиын кезең туралы ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің сөзінше, өткен жылдың қыркүйегінде жұмысқа кірісуі керек болғанымен, денсаулығы күрт нашарлап, төсек тартып қалған. Ол нақты диагноз қойылмағанын айтып, жүрегі қысылып, түнде ұйықтай алмай қиналғанын жеткізді.

Әнші бұл жағдайдың психологиялық тұрғыдан да ауыр соққанын жасырмады. Айтуынша, өзін әлсіз сезініп, ешнәрсеге зауқы соқпаған.

Сонымен қатар Айгүл Иманбаева сол кезеңде отбасы үшін де қиын жағдай болғанын айтты. Оның сөзінше, компания басшысы ұлдарына қатысты онкологиялық күдік барын хабарлаған. Осыдан кейін отбасы мүшелері ауыр күйзеліске түскен.

Өнер иесі сол уақытта жұмыс та тоқтап, қаржылық қиындықтар туындағанын жеткізді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →