KZNews.kz
Қоғам

Он ай емделген Сара Назарбаева ауруханадан шықты

Айжан Сыланова
Коллаж Ulysmedia

Сара Назарбаева Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальдан шықты. Медициналық мекеменің хабарлауынша, ол емдеу курсынан толық өтіп, 2026 жылдың қаңтар айында дәрігерлердің амбулаторлық бақылауына жіберілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Аурухана өкілдері Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 273-бабына сәйкес, пациенттің денсаулығы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері дәрігерлік құпия болып табылады және жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

84 жастағы Сара Назарбаева аталған медициналық мекемеде 2025 жылдың сәуір айынан бері, шамамен он айға жуық уақыт ем қабылдаған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →