Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сара Назарбаева туралы тың дерек шықты

Сара Назарбаева туралы тың дерек шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкібайдың сөзінше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар тараған. 

Айдос Үкібай сәуір айынан бері Сара Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап жатқанын айтады. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда.

- БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырамын. Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын, дейді Үкібай. 

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz дереккөзі Қазақстанның тұңғыш президентінің жары Сара Назарбаева Швейцарияда ем қабылдап жатқанын айтқан болатын. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.