Сарапшылар болжамы: Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өмірімдегі ең әдемі дұғамсың": Алтынай Жорабаева екінші қызын ұзатты

"Өмірімдегі ең әдемі дұғамсың": Алтынай Жорабаева екінші қызын ұзатты
Фото: Видеодан скрин

Күні кеше танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші қызы Айнараны ақ босағасынан ұзатты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі өміріндегі ерекше сәттің кадрларын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызына жүрекжарды жазба арнады. Әнші Айнараны той төріне өзі алып шығып, оның ұзатуына арнайы жазылған әнін орындады.

“Қызым, сен менің өмірімдегі ең әдемі дұғамсың. Ең үлкен бақытымсың. Енді сол бақытымды Алланың аманатына тапсырып тұрмын”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші қызына аналық ақ тілегін жеткізіп, отбасылық өмірдің басты құндылықтары туралы ой бөлісті.

“Қызым, кеше ғана кішкентай алақаныңмен менің саусағымнан ұстап, алғашқы қадамыңды жасаған едің. Бүгін сол қолыңды өмірлік жарыңа ұстатып тұрмын… Есіңде болсын, байлық – дүниеде емес, отбасының бірлігінде. Бақыт – салтанатта емес, сыйластық пен сүйіспеншілікте. Шаңырағыңнан күлкі кетпесін, дастарханыңнан береке үзілмесін. Барған жеріңде бағың жансын. Жолдасың екеуің бір-біріңе пана, бір-біріңе жұмақ болыңдар”, – деп жазды ол.

Айнараны өнердегі әріптесі Жазира Байырбекова ұзатты. Салтанатты кешке отандық эстраданың бірқатар жұлдызы қатысып, әннен шашу шашты.

Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде қызының құдалығынан кейін құдаларынан келген тарту-таралғыны көпшілікке көрсетті. Кадрларда қазақы дәстүрге сай жасалған сый-сияпаттар мен ақ тілектер бейнеленген. Видеода құдалардың әншінің қызына 15 миллион теңге көлемінде қалыңмал табыстағанын көруге болады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.