ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Әкесінен аумайды”: Алтынай Жорабаева екінші жолдасынан туған қызының суретін жариялады

“Әкесінен аумайды”: Алтынай Жорабаева екінші жолдасынан туған қызының суретін жариялады

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында отбасы үшін ерекше күнді атап өтіп, кенже қызын туған күнімен құттықтады. Өнер иесінің жүрекжарды жазбасы мен әсерлі видеосы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, оның кенже қызы Амина Алишерқызы екі жасқа толған. Осы қуанышты сәтті Алтынай Жорабаева аналық мейірімге толы тілегімен бөлісіп, қызына ақ батасын арнады.

«Амина Алишерқызы — 2 жаста. Аллаға сансыз шүкір. Алланың сүйікті құлдарының бірі бол, балапаным. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, екі дүниенің де бақыты мен абыройы нәсіп болсын», — деп жазды әнші.

Жарияланған бейнематериалды көрген желі қолданушылары кішкентай Аминаның сүйкімді келбетіне тәнті болып, оның әкесіне қатты ұқсайтынын жарыса жазды. Көпшілік жылы лебіздерін білдіріп, жас бүлдіршінге ақ тілектерін жаудырды.

«Әкесінен аумайды», «Нағыз әкесінің көшірмесі», «Жүзі жылы, тәрбиелі отбасынан екені көрініп тұр», «Өмір жасы ұзақ болсын», «Бақытты отбасы, көз тимесін» деген секілді құттықтаулар мен ізгі ниеттер көптеп қалдырылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.