Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Өмір сүруге айына 200-250 мың теңге жетеді”: Сенаторлар зейнетақы туралы пікір білдірді

“Өмір сүруге айына 200-250 мың теңге жетеді”: Сенаторлар зейнетақы туралы пікір білдірді
Фото:Zakon.kz/ Максим Золотухин

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтанов пен Сенат депутаты Бекболат Орынбековөздеріне жеткілікті деп санайтын зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Көп жылдан бері депутаттық қызметте жүрген Бексұлтанов қазіргі таңда 246 мың теңге зейнетақы алатынын айтып, адам табысына қарай емес, қажеттілігіне қарай өмір сүре білуі маңызды екенін атап өтті.

Ал сенатор Орынбековтің пікірінше, айына 200–250 мың теңге күнделікті шығындарды жабуға жеткілікті. Ол бұл сомаға азық-түлік пен коммуналдық төлемдерді өтеуге болатынын айтып, қазіргі жағдайда осындай табыспен өмір сүруге мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол аталған соманы шамамен 500 доллармен теңестіріп, мұндай көрсеткішті басқа елдермен салыстыра бағалауға болатынын айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.