Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өмір алма-кезек": Әнші Балжан Бидаш ұстазы Баян Алагөзоваға жауап берді

"Өмір алма-кезек": Әнші Балжан Бидаш ұстазы Баян Алагөзоваға жауап берді
фото: ашық дереккөз

Әнші, КешYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш продюсер Баян Алагөзованың топ жайлы деректі фильмнің үшінші бөлімінде айтқан сөздеріне жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ешкімге реніші жоқ екенін айтты.

“Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рақмет. Ешкімге ренішім жоқ! Бұл шешім және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларын сыйлайық, барды бағалайық”, – деп жазды ол.

Балжан Бидаштың бұл жазбасын желі қолданушылары продюсерге берген жауабы ретінде қабылдады. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі әншіні қолдап, жылы лебізін білдірсе, енді бірі оның мерейтойлық концертке қатыспау туралы шешімін құптамады.

“Баян мен Бағым ұстаз. Олар ұрысады, керек жерінде қатты айтады. Сонша жыл жұмыс істеп келіп, бір сөзді көтере алмай қалғаны қызық болыпты”, “Қатты уайымдамаңыз, сіздің орныңызда кез келген қызға кем дегенде ауыр тиер еді. Сіз жарқын, көзге түсетін, сұлу жансыз!”, “Дұрыс істедіңіз. Мен сіздің орныңызда болсам, ол ер адамды сотқа берер едім!”, “Шындыққа ренжімейді”, – деп  жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін продюсер Баян Мақсатқызы әнші Балжан Бидаштың КешYou тобының мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, әнші топ туралы деректі фильмде өзіне қатысты айтылған пікірлерге ренжіп қалған. Продюсер әншінің әуелі концертке қатысуға келісіп, кейін бас тартқанын да сынға алды. Оның айтуынша, мұндай шешім шығармашылық ұжымды ыңғайсыз жағдайда қалдырған. Продюсер осы оқиғадан кейін Балжан Бидашпен арадағы қарым-қатынасының аяқталғанын жеткізді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.