Сенат Аппаратында басшының орынбасары болды.
Олжас Данабеков Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz
Олжас Қайратұлы Данабеков 1983 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін және Ұлыбританиядағы Лондон университеттік колледжін «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, мемлекеттік саясат саласында ғылым магистрі.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Заңнама институтында заңгер болып бастаған. Кейін Әділет министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінде төраға кеңесшісі, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің консультанты және инспекторы болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар Данабеков «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-та және Сенаттың Аппаратында қызмет атқарған. Сенат Аппаратында басшының орынбасары болды.
Олжас Данабеков 2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.