KZNEWS.KZ
Саясат

Олжас Бектенов Құрылтай сайлауында дауыс берді

• Айжан Сыланова
Фото: ulysmedia

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет басшысы сайлау учаскесіне барып, белгіленген тәртіппен бюллетень алып, дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Қазақстан азаматтары өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →