Олжас Бектенов министрлерге: Бос әңгімені доғаратын уақыт келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Олжас Бектенов министрлерге: Бос әңгімені доғаратын уақыт келді

Олжас Бектенов министрлерге: Бос әңгімені доғаратын уақыт келді
Фото: ҚР Үкіметі

Ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

– Қазіргі жаһандық экономикалық және геосаяси ахуал барлық елге әсер етіп отыр. Біз жылдың соңына дейін 5 пайыздан жоғары деңгейде орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз қажет. Шикізаттық емес секторда тұрақты өсім байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті. Аталған оң үрдісті жалғастыра отырып, қолдағы барлық резервті толық пайдалану керек, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы бәсекелестік күннен күнге күшейіп келе жатқанына назар аудартты.

– Бос әңгімені доғаратын уақыт келді. Нақты іспен айналысу керек. Ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізу керек. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтап, әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет. Қазіргідей бәріне бірдей емес, мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуге тиіс, – деді Премьер-министр.

Бұған дейін Олжас Бектенов күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан шикізаттық емес сектор бәсекеге қабілеттілігін көрсеткенін айтқан еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.