Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өлтіремін деп қорқытқан: Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған ер адам іздестіріліп жатыр

Өлтіремін деп қорқытқан: Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған ер адам іздестіріліп жатыр

Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, судья Ордабаевқа үйінің автотұрағында бетперде киіп, қаруланған белгісіз біреу келген. Өлтіремін деп қорқытқан ол судьяны көлікке мінгізіп, елсіз жерге алып кеткен.

Сосын Ордабаевқа отбасы, балалары мен туыстары туралы ақпарат бар екенін айтып, қоқан-лоққы көрсеткен. Осылайша судья өз атынан 300 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны шабуылдаушыға аударған.

Алайда қылмыскер мұнымен тоқтап қалмаған. Қылмыс орнынан жасырынып, Ордабаевты өлтіремін деп қорқытып, тағы 12 миллион теңге беруді, сондай-ақ анықталмаған сот шешімінің күшін жоюды талап еткен. Зардап шеккен судья қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Қазіргі таңда "Адам ұрлау", "Бопсалау" және "Сот төрелігіне кедергі келтіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автор
Еркебұлан