KZNews.kz
Спорт

Олимпиадада 10-орын алған Софья Самоделкинаға 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Қайсар Қанат
t.me/olympickz. Суретте: Софья Самоделкина

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиададағы өнері үшін бағалы сыйлыққа ие болды – оған Астанадан пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін 19 жастағы спортшыға елге оралған соң салтанатты түрде Астанадан бір бөлмелі пәтердің сертификаты табысталған.

Айта кетейік, бұл Олимпиада Самоделкина үшін алғашқы төрт жылдықтың басты бәсекесі болды. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша ол 12-орында тұрған. Еркін бағдарламада нәтижесін жақсартып, жалпы есепте оныншы орынға көтерілді. Жалпы ұпай саны бойынша спортшы жеке рекордын жаңартты.

Сондай-ақ қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталғаны белгілі.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →