KZNews.kz
Қоғам

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бас бапкерін ауыстырмақ — БАҚ

Торғын Абушахман
Фото: ашық дереккөзден

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров жеке бапкерін ауыстыруы мүмкін деп, kznews.kz тілшісі Рrokzsport телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Михаил өзінің бас бапкері  ресейлік маман Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатуы ықтимал.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Олимпиада ойындарынан кейін Михаил Шайдоров бапкері ресейлік маман Алексей Урмановты ауыстырады", – деп жазды арна.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров пен Алексей Урманов 2018 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Алайда бұл ақпаратты әзірге екі тарап та ресми түрде растаған жоқ.

Айта кетейік, Алексей Урманов 1994 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Араға 32 жыл салып, енді оның шәкірті Михаил Шайдоров Олимпиадада топ жарып отыр

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →