Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz. "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Ахметжан хабарлаған. Оның айтуынша, ректордың жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізілген. Тергеуді ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүргізіп жатыр.
Бейресми ақпаратқа қарағанда, тергеу университетке ғылымды дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың ықтимал ысырап болуына байланысты басталған. Айтпақшы, Нұрлан Серғалиев бұдан бөлек, облыстық мәслихат депутаты ретінде танылған.
Қылмыстық істің мән-жайы мен тағылған күдікке қатысты ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.