KZNews.kz
Қоғам

«Өгей қыздарын бес жыл бойы зорлаған»: Кентауда 45 жастағы ер адам ұсталды

Торғын Абушахман
Фотоиллюстрация: Kznews

Қылмыстық іс 2025 жылы желтоқсанда тіркелген екен

Түркістан облысындағы Кентау қаласында 45 жастағы ер адам екі өгей қызын бес жыл бойы зорлады деген күдікпен қолға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық болған кезде қыздардың жасы 6 және 8 жаста болған, деп хабарлайды kznews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысының полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, осы күдікпен 45 жастағы ер адам қазір қамауда отыр.

«2025 жылдың желтоқсанында Кентау қаласында тұратын екі кішкентай қызға қатысты зорлық жасады деген арыз түсті. Осы арыз бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті анықталды және қамалды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, жуырда Астанада 82 жастағы қария шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталған еді. 

Торғын Абушахман
Автордың басқа материалдары