Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда өгей қызын зорлаған 36 жастағы ер адам өмір бойына сотталды

Павлодарда өгей қызын зорлаған 36 жастағы ер адам өмір бойына сотталды
Фото: Видеодан скрин

Павлодарда 36 жастағы ер адам өгей қызына жылдар бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, алғашқы қылмыс қыз небәрі 8 жаста болған кезде жасалған. Осылайша ол 2022 жылдан 2025 жылға дейін балаға зорлық-зомбылық көрсетіп келген.

Іс материалдарына сәйкес, өгей әке қызды қорқытып, болған жайт туралы ешкімге айтқызбаған. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Сот айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деген қорытындыға келді.

Заңға сәйкес, бұл қылмыс үшін балама жаза қарастырылмаған, сондықтан оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

"Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ өмір бойына кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Агидель Ибраева.

Бұған дейін Ақтөбе облысында ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлады деп айыпталған еді. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті – жасөспірімді бала кезінен білетін 22 жастағы көрші жігіт.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.