KZNEWS.KZ
Қоғам

"Офицерлерді ғашық етемін": Трансгендер Амилай әскерге шақырту алды

• Айбар

Амилай атымен танымал трансгендер өзіне әскерге шақырту келгенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Желі жұлдызы әскерға шақырту қағазын көрсетіп, оықрмандарын шулатты.

“Маған қоңырау шалып: "бауырым, сен қайдасың?" Мен бауырым емес, қарындасыңмын деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде келу керегін айтты", – деді желі белсендісі.

Сондай-ақ ол әскерге барынша әдемі болып баруды жоспарлап отырғанын жасырмады.

Мен армияға дайындаламын. Шашымды жасаймын, кірпіктерімді ұзартамын.  Әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық етуім керек”, – деді трансгендер.

Еске салайық, "Ұлдарымды жіберуге қарсымын" деп отандық шоу-бизнес өкілдері әскердегі әлімжеттікке қатысты ойларын бөліскен еді.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →