Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сыныптастарымен кездесті

Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның тұңғыш президенті бала кездегі достарымен жүздесті
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында сыныптастары және бала кездегі достарымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
© Официальный сайт Президента РК /
Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы Шамалған ауылына барған болатын. «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының маңында өткен кездесуге үш мыңнан астам адам жиылды. Қазақстанның тұңғыш президенті өзінің туған ауылы жайлы естеліктерімен бөлісті.
Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті
Назарбаев туған ауылына келді
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Қазір бұл ауылда 20 мыңнан астам адам тұрады.
Қазақстанның тұңғыш президентінің өмірбаяны
sputniknews.kz