"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар таратуда. Ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі растады.

StopFake.kz жазуынша, қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға "тоқта" сигналдары жіберілгендігі туралы ақпарат таратуда. Бұл мәліметке қатысты әуежайдың баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ", – деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары